Күйгенім-ай, сүйгенім-ай (текст)

Мен тұрайын келгенше орыныңа,
Жұмысыңды келтірем толымына.

Күйгенім-ай!
Жауды жеңіп тез қайтшы,
Сүйгенім-ай!

Ұлы Отанға берілген жүрегіміз, сәулем-ай,
Жауды шапшаң жеңуде тілегіміз.

Күйгенім-ай!
Жауды жеңіп тез қайтшы,
Сүйгенім-ай!

Жалтақтамай артыңа жауыңды жең,
Тілектес боп, орныңда жүрейін мен.

Күйгенім-ай!
Жауды жеңіп тез қайтшы,
Сүйгенім-ай!

 

Сөзі: Кенен Әзірбаев

Әні: Кенен Әзірбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: