Күн сайын іздеп (текст)

Күн сайын іздеп
Үмітімді үзбей
Қарадым сенің жолыңа
Бұлбұл боп келіп
Мәңгілік сеніп
Қонасың қашан қолыма!
Арманды сүйген
Ақ көйлек киген
Өтеді алдан бір бейне
Бола ма жолым
Білмедім оны
Сүйе ме мені, сүймей ме
Самалға жібек
Балқиды жүрек
Көктемде құстар қайтқандай
Сәулешім сеніп
Жаныма келіп
Жақсы бір сөздер айтқандай
Қиялға балқып
Көңілім шалқып
Құс болып мен де ұшамын
Шақырып дала,
Кел! — дейді маған
Гүлдерге толып құшағы.

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Е.Хасанғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: