Сағынсам мінетінім күрең жалды ат,
Ауыл бар көрген жерде күрең самғат.
Көңілің рас маған берген болсаң, сәулем,
Тіліңнің үшін қойып, түбін жалат, а-ай!
Қадалған қара көзің мөлдірейді,
Даусыңды жаным естіп елжірейді.
Кеткенде қырдан асып үй сыртында,
Жолында ақ орамал желбірейді.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: