Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда
Қызғалдақтар пен бәйшешек гүл жарғанда
Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай
Күткен қиын сарғайып тұрған жанға
Күткен қиын сарғайып тұрған жанға
Күтіп тұрмын өзіңді, қайда жүрсің
Әлде маған табылмас арманбысың
Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай
Көрінші бір жарқ етіп арман құсым
Көрінші бір жарқ етіп арман құсым.
Сөзі: Н.Әлімқұлов
Әні: Ә.Бейсеуов
Орындаушы: