Өлеңді қиыстырам әнге парлас,
Сөз болса қанағатсыз құлақ салмас,аху-ай.
Өлеңді өрнегімен қиыстырған,
Сөзінде айтушының қаяу болмас ,аху-ай.
Қалилау –дидау, ди-ди-дау,
Кәлилау-дидау, ди-ди-дау.
Дида-ку-ди-дай,
Аку дидай-аку-ай.
Білмеске өлең түрғай сөз де қиын,
Шығады қиыстырған сөзден түйін,ах-уай.
Қара сөз қанағатсыз сылдырласа,
Есепке алынбаса ода қиын,ах-уай.
Қалилау –дидау, ди-ди-дау,
Кәлилау-дидау, ди-ди-дау.
Дида-ку-ди-дай,
Аку дидай-аку-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: