Ақша бет ауырғанда албырарсың,
Қара көз жан берерде жаудырарсың.
Қаламға атша шапқан он саусағым,
Астында қара жердің саудырарсың.
Ет қатар қартайғанда сүйегіңе,
Қарайып тамыр тоқтар білегіңе.
Сөйлесең аузы-басың кемсең қағып,
Тиеді мұрның барып иегіңе.
Уай аридай-аридай,
Япырмай, балам-ай,
Кәрілік-ай, заман-ай!
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: