Көгілдір көлме (текст)

Алыстан ән сап
Жағаңды аңсап
Келгенде жатсын дір етпей
Көгілдір көлме
Толқыны желге
Мазасыз соққан жүректей
Толқының тынып
Жатырсын тұнық
Сұлудың мөлдір көзіндей
Жыры мол күндер
Сыры мол түндер
Өткен бе бәрі сезілмей
Айдының шалқып
Аққудай қалқып
Сайрайды салған сол дәурен
Асатын едім
Тасатын едім
Күн болып күлсе жан сәулем
Осының бәрі
Жадымда әлі
Телегей теңіз сезімдей
Толқышы көлме
Толқиын мен де
Дариға-ай жастық кезімдей.

 

Сөзі: И.Жақанов

Әні: И.Жақанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: