Көкежан, игай (текст)

Қараймын қарайғанға бұта ма деп-ай,
Бақырға бал қайнаттым, көкежан, игай, тұта ма деп-ай,
Аузыңа жарты мейіз жарып салып-ай,
Қарайын тамағыңа, көкежан, игай, жұта ма деп-ай.

Ал, жаным,есім де сен, досым да сен-ай,
Болмай ма қол бұлғасан, көкежан, игай, келсін десең-ай.
Бар дейді жан қалтаңда жарты мейіз-ай,
Болмай ма бүтін берсең, көкежан, игай, жесін десең-ай.

Өзіңіз бұрынғының жігітісіз-ай,
Құдай-ау, дәл өзіңіз, көкежан, игай, үмітімсіз-ай.
Болғанда алтын сандық, күміс кіл(і)т-ай,
Ашатын алтын сандық, көкежан, игай, кілтімсіз-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: