Көктем келмей қоймайды (текст)

Қаулап жыл өткенменен жыл соңынан
Бәрібір үміткерміз гүл шоғынан
Көктемде көгереді қайта дала
Жете алмай арманына жүрсе де ұлан
Көктем келмей қоймайды, көктем келмей
Қызғалдақтан тау-дала өртегендей
Бастады көктем келіп жарқып әнін
Ағаштар жайқалтады жапырағын
Далаға сол кезде мен шығып алып
Қайдасың жастығым деп шақырамын
Көктем келмей қоймайды, көктем келмей
Қызғалдақтан тау-дала өртегендей
Келмейді асыл арман шақырғанмен
Жетпейсің оған оқ боп атылғанмен
Бақытын басқалардың аялайсың
Үн-түнсіз бір бұрышта отырғанмен
Көктем келмей қоймайды, көктем келмей
Қызғалдақтан тау-дала өртегендей

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Ә.Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: