Көк айдай (2-нұсқа)

Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,
Қосылса екі көркем болады тең.
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,
Есіме сен түскенде, сұлу еркем.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.

Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.
Төбесі сұлу қыздың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Анық досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма.
Ой, көк айдай,
Күткен сәулем –
Қыз қайда-ай.

 

Сөзі: Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: