Шашың сұлу көрінер өрген сайын,
Киімің сұлу қөрінер бүрген сайын.
Құрбым-ай.
Ішім оттай күйеді кімге айтайын
Сен үйіңде бұралып жүрген сайын.
Құрбым-ай.
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар көл үшін.
Шеберле де шеніңе ал,
Не болмадым сен үшін.
Сен де өлмесең, ей, қалқа, мен де өлмесем,
Табар едім аулыңды сайды өрлесем.
Құрбым-ай.
Жемқор аттай тықыршып тұра алмаймын,
Сүт пісіріп төбеңді бір көрмесем.
Құрбым-ай.
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар көл үшін.
Шеберле де шеніңе ал,
Не болмадым сен үшін.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: