Көрсем сені (текст)

Алаулап алтын арай таң атқанда,
Шұғыласын шартарапқа таратқанда.
Дүние күйге толып баратқанда,
Әлемді Күн өзіне қаратқанда,
Мен сені көрсем деп ем таң атқанда.
Мен сені көрсем деп ем көктемімде,
Ақ нөсер құйып-құйып өткенінде.
Көгімнің бұлты ыдырап кеткенінде,
Құстар да қиқу салып жеткенінде,
Мен сені көрсем деп ем көктемімде.
Бақыттан шалқып тұрған шақтарында,
Балқып бір бас айналып жатқанымда.
Немесе мұңға терең батқанымда,
Жалғыз қап жастардың гүл бақтарында,
…Көрсем мен сені осынау шақтарымда!

 

Сөзі: Мұхамедия Жұмағалиев

Әні: Әшірхан Телғозиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: