Айт дегенде өлеңді аяр болмас.
Жамандардың сөзінде баян болмас.
Осындайда өлең айт, замандастар,
Күнде мұндай тамаша даяр болмас.
Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.
Ауылымызға жүре гөр келіп-кетіп,
Көтерелік көңілді еліктетіп.
Қос аттыға жеткізбей өтер өмір,
Басымыздан барады дәурен өтіп.
Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.
Бәйтеректің басында бір ақ сұңқар,
Саулығымды қалқатай кімнен сұрар.
Ғашық жар, құрбылар, күл де ойна,
Қай моланың басында малың тұрар.
Сарала шымшық,
Болдым ынтық, қойдың ғой,
Ынтық етіп мені-ау бүйтіп.
Сөзі: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)
Әні:
Орындаушы: