Ләйлім шырақ (текст)

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын өзіме бер,
Шідерімнің бағасы — қырық қысырақ.

Өзіме бер шідерім тауып алсаң,
Өте қымбат бағасы тілге нансаң,
Жерде шіріп қалса да өзіме бер,
Шыбын жаным қиылсын бігім алсам.