Майдангер аталарға (текст)

Майдан кешіп далада,
От жалын лаулап арада.
Жауға ұмтылған тайсалмай,
Тек ерлік ойда, санада.

Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.

Байлап алып жараны,
Қорғап әрбір қаланы.
Жауды қуды орманнан,
Өзеннен кең жағалы.

Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.

Туды тербеп жел тұрды,
Құшаққа алды ер гүлді.
Қырандары өр елдің,
Алды қамал – Берлинді.

Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.

 

Сөзі: Ғ. Жұматов

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: