Майдан жыры (текст)

Тиді жау Отанға гүл жайнаған,
Жан болмас аттанбаған.
Жалындай лаулай, қаптаймыз қалмай,
Жүрекпен тайсалмаған.

Отаным әмір берді,
Ашылған күн зор майдан.
Тасқындай ұмтыламыз,
Ағызамыз жаудан қан!

Ақ алмас қайырылмас тағынамыз,
Майданға ағыламыз.
Соғысқа, айуанға кешірім жоқ,
Қанға қан ағызамыз.

Отаным әмір берді,
Ашылған күн зор майдан.
Тасқындай ұмтыламыз,
Ағызамыз жаудан қан!

 

Сөзі: Ә. Тәжібаев

Әні: Б. Ерзакович

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: