Мама (текст)

Мама бұл сөзге жетпес ешбір байлық
Мама тұрғызатын кетсек тайып
Барлығы теріс бұрылса да тек мама
Алдыңнан қарсы алады құшақ жайып
Мама бұл сөзге жетпес ешбір байлық
Мама тұрғызатын кетсең тайып
Қадірле анаңды тірі кезде
Себебі тек мама махаббатқа лайық

Жасарма едің жұмыс ұйқысыз төгіп терін
24 сағат бөгелместен белің
Ішпестен тамақ,таусылғанша соңғы демің
Бастысы шын ниетпен жасау керек тегін
Дер едің: ‘ жарымсың ба, жоқ әрине!
Ондай Жұмыс жасағанша жатпаймын ба үйде!
Кім келісер бұл жұмысқа жасап жүрген барма адам?’
Айтар едім: ‘бар ол сенің анаң!’
Сен дүниеге келгенде түн ұйқысын төрт бөлген
Өзі тоңса да ашылып қалмасын деп көрпең
24 сағат бүгілместен белі
Бұл жұмысқа аянбай махаббатпен тер төккен
Алдыңа тосып соңғысын, бөлмей-ақ жарты нанды
Баласына берер ашып қалмасын деп қарны
Ауырса да тіпті саусағыңың ұшы
Уайымдап шығып кете жаздайды жаны

Қатайып қанаттарың ер жетіп есейесің
Жоғарғы білім, содан соң үйленесің
Сол кезде анаң қатардан қалмасын деп
Жалақысы аз болса да алып берер несиесін
Өтеді уақыт жанұя,тұрмыс
Атанарсың әке,суйерсің ұл-қыз
Анаң күтер сарғайып ‘Балам кашан келесің?’
— Келем мама уақыт жоқ, менде жұмыс!
Басыңа ки, жылы жүр, ашып қалмасын деп қарның
Есейіп ер жетсек те еркелетер балапаным
Кешір мама ренжіткен сәттеріме
Куннен де ыстық аяулы алақаның!
Қадірле анаңды өсірген бағып-қағып
Алдыңда күліп жүргені қандай бақыт
Жұмысың көп болса да ‘Сәлем, МАМА!’
Деуге жеткілікті бес минуттық уақыт
Анаңдай сүйе алмас қасыңдағы сүйген жарың
Анаңдай дос болмас қасыңдағы бауырларың
Қиналған сәтте еске түсер жалғыз ғана
Дос емес,братан емес,ол мама

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Данияр Рахметжанов

Видеоға сілтеме: