Асқақтата салғаным жайлау әні
Баққан малым жайлаудың болған сәні
Қай жеріменен мін таптың қалқатайым
Менің жазған хатыма жауап кәні!
Кездескен күн есімде
Айлы жаздың кешінде
Еске сақта, қалқатай
Айта берем несіне
Жайлау қандай, мал қандай, өзім қандай
Көрген адам біздерге таңдағандай
Жалғыз жүріп есіме сен түскенде
Қарсы алдымнан болады шам жанғандай
Кездескен күн есімде
Айлы жаздың кешінде
Еске сақта, қалқатай
Айта берем несіне
Кездесіп ек колхозда айлы түні
Құлағымнан қалқаның кетпейді үні
Шығасың ба алдымнан шықпайсың ба
Москвадан жұлдыз ап келген күні?!
Кездескен күн есімде
Айлы жаздың кешінде
Еске сақта, қалқатай
Айта берем несіне.
Сөзі: С.Адамбеков
Әні: Ә.Еспаев
Орындаушы: