Махаббат аралы (текст)

Бақытына баладың ба?
Сүю үшін жаралдың ба?
Мөлдір тынық жанарымда,
Махаббаттан нәр алдың ба?

Шуақ болып таралғандай,
Ғашықтық ғалам кандай?
Бірге ұшып барамыз ба
Ғарышқа?

Қайырмасы:
Бақ-жұлдызым сен,
Жүрмін таба алмай,
Шарлап сезім көгін.
Аялайын сені,
Ақ арманымдай,
Жан-шуағым менің.

Сені көрдім таң алдында,
Салқын тартты арамызда.
Ақ маралым қамалдың ба?
Махаббаттың аралында.

Көгімнен ай ауғандай,
Асылым жоғалғандай.
Кеттің ғой аялдамай
Алысқа.

Қайырмасы:

Шуақ болып таралғандай,
Ғашықтық ғалам кандай?
Бірге ұшып барамыз ба
Ғарышқа?

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: