Махаббат вальсі (текст)

Таң атқанда гүл бағын суарамын
Күнде ертемен өзеннен су аламын
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын
Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан
Сағынышпен күтемін әрбір таңды
Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді
Бақытымдай жалт еткен жанарыңнан
Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі
Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан
Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын
Өзің едің жұлдызы арманымның
Көгершіндей ұялап көңіліңе
Жүрегіңде табысқан жан жарыңмын
Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан.

 

Сөзі: Н.Шәкенов

Әні: Б.Жамақаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: