Махаббат көлі (текст)

Көп іздеп, мені есіңе аласың ба?
Ғашықтық салды мені жаңа сынға.
Махаббат көлі деп біз атаған ек қой,
Өткізіп бал күндерді жағасында.
Теңеймін әлі өзіңді бар асылға,
Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба?
Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі,
Махаббат көлінің сол жағасында.
Махаббат көлін іздеп тағы келдім,
Сол жерден табам ба деп, жаным, сені.
Ойлап ем, бақытымыз мәңгілік деп,
Жанымды тербейді үміт әлі менің.
Теңеймін әлі өзіңді бар асылға,
Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба?
Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі,
Махаббат көлінің сол жағасында.
Қоштастық, қалай болды, ұғынбадым,
Тек менің қатем деймін мұның бәрін.
Махаббат көлі мені түсінгендей,
Сезім мен қалды сонда бұрынғы әнім.
Теңеймін әлі өзіңді бар асылға,
Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба?
Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі,
Махаббат көлінің сол жағасында.

 

Сөзі: А. Беляев

Әні: М. Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: