Махаббат назы (текст)

Армандап асыл тілекті,
Махаббат отын жандырдың.
Сондағы сүйген жүректі
Қай жерде бүгін қалдырдың?
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?
Жұлдызды санап аспанда,
Түн бойы ұзақ қараған —
Ай нұрын бізге шашқанда
Жанарың қайда қадаған?
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?
Құштарлық сезім биіктей,
Күтумен болып жыл құсын,
Жаралы болған киіктей
Жете алмай әлде жүрмісің?
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?

 

Сөзі: Қ. Қазыбеков

Әні: С. Қайырғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: