Махаббат нәзік (текст)

Жадырап жүзің күлгенде,
Жарықсың, жаным, күннен де.
Көзіңнің гауһар ұшқыны
От болып жанды кеудемде.
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.
Сүйкімді, жарқын тұлғаңды,
Еске алсам көңіл нұрланды.
Ән болып кетті айнала,
Қуаныш қаптап бұл маңды.
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.
Махаббат нәзік гүлден де,
Махаббат асқақ күннен де.
Жаныңның жарқын жарығы
Жарқырап қалды бір менде.
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.

 

Сөзі: З. Сақиев

Әні: С. Бәйтереков

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: