Махаббат таңы (текст)

Жадыраған таң келеді
Қызыл гүлдей шықты күн
Гүл үстінде дірілдейді
Мөлдірейді шық бүгін
Түскен кезде күннің алтын шуағы
Мөлдір тамшы гүл үстіне құлады
Махаббатқа елтіп жаңа
Оны жұрттан қызғана
Сұлу таңда ерке таңды
Қызықтайды қыз бала
Жас жүрегі таң әніне елтіді
Көкірегін қыр самалы желпіді.

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Н.Тілендиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: