Мені ізде (текст)

Сен мені ізде аяулым
Шұғыладан барлық түн қашқан
Сен мені ізде, аяулым
Көктемнен барлық гүл басқан, мені ізде
Көктемнен барлық гүл басқан
Сен мені ізде, аяулым
Қанбаған қарап бөктерден
Сен мені ізде, аяулым
Парақталмаған беттерден, мені ізде
Парақталмаған беттерден
Сен мені ізде, аяулым
Ашылмай жатқан күндерден
Сен мені ізде, аяулым
Бұзылып жатқан сеңдерден, мені ізде
Бұзылып жатқан сеңдерден
Көлдерден қанат қақпасам
Даусынан ізде сырнайдың
Онан да іздеп таппасаң
Көркіне көз тік нұрлы айдың
Әйтеуір, қалқам, мен саған
Нұр түсер жақтан жырлаймын
Нұр түсер жақтан жырлаймын, мен саған.

 

Сөзі: Т.Айбергенов

Әні: М.Сағатов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: