Еркін толып жетіге,
Өсіп келем жетіле.
Қалып үйде бесігім,
Аштым мектеп есігін.
Әріптерді ежелеп,
Әліппені үйрендім.
Саусақ санап жекелеп,
Сан тізбекпен гүлдендім.
Мен де ғалым боламын,
Кемеліме толамын.
Арман қуған жасынан,
Мен бақытты ұланың.
Тілім қайта жаңғырды,
Салт дәстүрім сан қырлы.
Оқып, жазып білгенді,
Ойға түйем жан құрбы.
Әріптерді ежелеп,
Әліппені үйрендім.
Саусақ санап жекелеп,
Сан тізбекпен гүлдендім.
Мен де ғалым боламын,
Кемеліме толамын.
Арман қуған жасынан,
Мен бақытты ұланың.
Бейбіт елде тұрағым,
Шаттық сайран құрамын.
Тәуелсіздік аңсаған,
Мен бақытты ұланың.
Әріптерді ежелеп,
Әліппені үйрендім.
Саусақ санап жекелеп,
Сан тізбекпен гүлдендім.
Мен де ғалым боламын,
Кемеліме толамын.
Арман қуған жасынан,
Мен бақытты ұланың.
Сөзі: М. Әміржанов
Әні: Қ. Сәтиев
Орындаушы: