Мен – даланың ұлымын,
Жас түлектің бірімін.
Көкірегін аймалап,
Көктем шыққан гүлімін.
Мен сүйемін даланы –
Дәнге толы алабы.
Жазығында машина –
Жұлдыз болып ағады.
Дала таңы арайлы,
Ақ сәулелер тарайды.
Күннің өзі қызығып,
Кең далама қарайды.
Сөзі: С. Жиенбаев
Әні: Н. Дүкенбай
Орындаушы: