Мерекем-сен (текст)

Махаббатым нәр бердің
Жүрегіме-жаныма
Ғұмырыма гүл ектің
Арманыма-жолыма
Жан шуағым-мерекем
Іздегенім сен екен
Өзіңменен шаттанып
Кірер менің берекем
Мөлдіреген көзіңді
Пәктігің деп сенемін
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп келемін
Жан шуағым-мерекем
Іздегенім сен екен
Өзіңменен шаттанып
Кірер менің берекем
Бақытым да сен болдың
Мақсатым да аңсаған
Болдым ыстық өзіңе
Кездескелі мен саған
Жан шуағым-мерекем
Іздегенім сен екен
Өзіңменен шаттанып
Кірер менің берекем.

 

Сөзі: Қ.Қазыбеков

Әні: М.Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: