Мойынқұмда (текст)

Мойынқұмда ел жайлауы
Ел жайлауы көк шалғын
Хат тауы мен Жамбыл тауы
Кең жайлауы достардың
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!
Қалалардай сәулеті бар
Қарабөгет, Талғабай
Ағыл-тегіл дәулеті бар
Шудың бойы малға бай
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!
Жыр алыбы Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!

 

Сөзі: Н.Әлімқұлов

Әні: Ш.Қалдаяқов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: