Сөйле десең сөйлейін сөз келгенде, еһ-һе!
Киер көйлек шаруа бөз келгенде!
Тамаша-ау! Денің сау ма, құдаша-ау!
Айт дегенде несіне бәлденейін,
Жалқы биік жақсыға кез келгенде!
Ызғыр-ау, денің сау ма, қыздар-ау!
Тобылғының түбінен
Қазық алдым, сылқ-сылқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым, былқ-былқ!
Қасың қара, көзің қой.
Ақ тамақ қыз бір өңкей!
Абау қыздар, абау-бақ,
Тырна маттай, туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ.
Ішім-ай! Дертім-ай, қыздар-ай, қырғын-ай!
Қыр басында қыз ойнақ, күндіз мәжіліс, түнде ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ.
Айта бер, қайта бер, қыздарға сәлем айта бар!
Әндір аққу есіңе сал, ескеріп қал!
Жиылып қыз-бозбала-ай!..
Кер торыға сал-ай-ай!
Кел екеуміз, домбыра, қосылайық!
Айқай салып ән тартып, жосылайық!
Бекер қарап, бекер жай отырғанша,
Бозбалаға болмай ма осы лайық?!
Тобылғының түбінен
Қазық алдым, сылқ-сылқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым, былқ-былқ!
Қасың қара, көзің қой.
Ақ тамақ қыз бір өңкей!
Абау қыздар, абау-бақ,
Тырна маттай, туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: