Неге біз өлді дейміз өлгендерді (текст)

Неге біз өлді дейміз өлгендерді,
Гүлдерді бізден бұрын тергендерді.
Біз үшін қиындықты жеңгендерді,
Біз үшін отқа айналып сөнгендерді.
Сондай ой тез келеді неге бізге,
Әлде біз тағдырға тез көнеміз бе?
Кім білед олар мүмкін желпіп бізді,
Ақ бұлт боп жүрген шығар төбемізде.
Жүрді олар бір кездерде жырдай жанып,
Біздер де соларменен нұр жайнадық.
Өлді деп біз жүргенде олар мүмкін,
Далада шыққан шығар гүлге айналып.
Жүрегі қайта жанып сөнгендердің,
Өмірге келді ұрпақ, мен келгенмін.
Кім білсін аспандағы сансыз жұлдыз,
Шырағы болар, бәлікім, өлгендердің.

 

Сөзі: Дәуітәлі Стамбеков

Әні: Темір Исалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: