Жер мен күн де, тау-орман
Бір-бірінен нәр алған,
Мына дүние ау бастан
Әділдіктен жаралған.
Бірде шаттық, бірде мұң
Не боларын білмедім.
Көшкен бұлттай асығып,
Өтіп барад күндерім.
Оу-оу, неткен өмір,
Жабырқау неге көңіл,
Оу-оу, неткен өмір,
Білмеймін алда не тұр.
Шаршатты, жалықтырды,
Көз салсам-ау өмірге бір.
Қала, қала — шу қала,
Әсем қала — гүл қала.
Қалмады ғой, бұл күнде
Ешбір қызық өзіңе.
Жалған іздеп, жалғансыз
Бірін-бірі алдайды.
Жалған өмір — жалған көз,
Бар нәрсеге тоймайды.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=bqI-akjk5qQ