Аспаннан қар жауады бүркей-бүркей,
Ұшады күз болғанда қара шіркей.
Екпіні отарбадан кейін емес,
Осылай ән салады ақын Нұркей.
Мен өзім жоғары емес, төменгі елмін,
Бәйгеден күнде келген кемеңгермін.
Көрмеген жас балалар танымайды-ау,
Жұрт айтқан Нұркей ақын деген менмін.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: