Ойлаймын (текст)

Күн,күліп таусылар,
Түн,суық тамшылар —
Мұңымды ұғып келген
Сен екенсің…
Ән,жүрегімдегі
Жан,тілегімдегі
Ойлаумен үміттенген
Сен екенсің…
Қайырмасы:
Ойлаймын,ойлай,
Жаныма бойлай
Арманымнан сені ғана көремін!
Ойлаймын әлі,
Жанымның бағы
Сен екенсің — сүйіп өтсем дегенім!..
Біз жетпеген арман,
Күз көктем оралған,
Құсқанат сағынышым
Сен екенсің.
Жол,созылған маған,
Мен сезіне алмаған
Іздеген табу үшін —
Сен екенсің!..

 

Сөзі: Еркебұлан Кенехан

Әні: Жiгер Ауыпбаев

Орындаушы: Melo’Men

Видеоға сілтеме: