Ой, жаным (текст)

Ендеше тотияйын, тотияйын,
Жағалай керегені отырайын.
Біздерден қалағаның өлең болса,
Көңілді өлең айтып толтырайын.

Ендеше мыс қалады, мыс қалады,
Қайырылып мыс қалағы құс қонады.
Барында жастық шақтың ойна да күл,
Саудырап өлгеннен соң тіс қалады.

Тағы да көк кебісті, көк кебісті,
Қазанда қалқып жүріп өкпе пісті.
Қылығың екеуіңнің еске түссе,
Құлаймын қарап жүріп теп-тегісте.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: