Тоқым салдым жарасар тел күреңге-ай,
Сіз кеткен соң телмірдім мен біреуге-ай,
Ой, сәулем-ай.
Сағынғаннан төрт болып екі көзім-ай,
Қарайғанға қадалып телміруде,
Ой, сәулем-ай.
Жаңбыр жауар себелеп,
Гүлге қонар көбелек.
Жас күніңде ойна да күл-ай,
Бұдан басқа не керек-ай.
Айналайын қарағым, алтыным-ай-ау,
Ақ жүзіңді көргенде-ау балқыдым-ай,
Ой, сәулем-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ау,
Есен-аман жүрмісің-ау, жарқыным-ай,
Ой, сәулем-ай.
Жаңбыр жауар себелеп,
Гүлге қонар көбелек.
Жас күніңде ойна да күл-ай,
Бұдан басқа не керек-ай.
Елдік деймін, ендеше, елдік деймін-ау,
Сұлу қызға жарасар белдік деймін-ау,
Ой, сәулем-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай-ау,
Әдейі іздеп өзіңді келдік деймін-ау,
Ой, сәулем-ай.
Тауда жүрер кекілік,
Тастан тасқа секіріп,
Жас күніңде ойна да күл,
Кейін жүрме өкініп-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме: