Оралшы, жаным, қайтадан (текст)

Таусылып тағат, амалым,
Өртеніп босқа барамын.
Көңілдің сырын
Көзімнен ұғып,
Моншаққа толы жанарым.
Уайымсыз, мұңсыз жан деме,
Ойлантты мені әлдене.
У ішсе жүрек,
Бөлінсе тілек,
Келмейсің, жаным, сен неге?
Тасынған кейде көлдейсің,
Қасында тұрып шөлдейсің.
Домбыра шертіп,
Бойымды ерітіп,
Әнім-ау, неге келмейсің?
Сезімнің күйін шайқаған,
Сен жайлы бүгін айтам ән.
Көркіңмен нәзік,
Дертімді жазып,
Оралшы, жаным, қайтадан.

 

Сөзі: Ә. Ысқақов

Әні: Ә. Ысқақов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: