Сапар қыз (текст)

Кеш болса күн батады таудан асып,
Шапақтар қызыл алтын нұрын шашыт.
Ақшамның қараңғысы болған шақта,
Аһ ұрып қосылады өңшең ғашық.

Боз үйден таң алдында күйеу шығар,
Артынан қалар жары бетін басып.
Мойныңа ақ білегін арта салып,
Тұрады аттандырып, хош айтысып.