Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.
Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін,
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: