Дүние дүниеден дүние өткендей,
Қолынан оймақсыздың ине өткендей-ай.
Саядағы сандуғаш,
Сағындырма құрбылас.
Келмейді кірсем, шыққым сіздің үйден,
Апарып қызыл түлкі індеткендей-ай.
Саядағы сандуғаш,
Сағындырма құрбылас.
Жылқыңда жылқышы-еке, неше ала бар,
Ала, құла, торы ала – бес ала бар-ай.
Саядағы сандуғаш,
Сағындырма құрбылас.
Кірсем, шыққым келмейді сіздің үйден.
Өне бойы сексен шоқ бір бала бар-ай.
Саядағы сандуғаш,
Сағындырма құрбылас.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: