Сағындым, көке, аман кел (текст)

Естен кетпес етікпен су кешкенім,
Жауқазындай жадырап бірге өскенім.
Жаманменен сан ойнап, сан күлгенім –
Өзіңменен бір ауыз тілдескенім.

Арқадан соққан самал жел,
Сағындым, көке, аман кел.

Жаз жайлауға көшеді ел арбаменен,
Ішім толы жүреді арманменен.
Қайсыбірін айтайын өлең қылып,
Жүремін де тағдырдың салғанымен.

Арқадан соққан самал жел,
Сағындым, көке, аман кел.

Балдыберек аулым етегінде,
Жаман жүрер жақсының жетегінде.
Қайсыбірін айтайын өлең қылып,
Өстіп жүріп өмірден өтемін де.

Арқадан соққан самал жел,
Сағындым, көке, аман кел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: