Сағындың ба текст

Тағдырға бағындың ба,
Жібек мұң жамылдың ба?
Мені аңсап аяулым-ай,
Сен мені сағындың ба?
Малынып жаның мұңға,
Өмірдің ағымында,
Сағымдар арасынан, 
Сен мені сағындың ба?
Сағымдар арасынан, 
Сен мені сағындың ба?

Сағындың ба? 4 рет

Тербеліп жаным жырға,
Әуелеп әнім мұңға.
Мені іздеп ен даладан,
Сен мені сағындың ба?
Аңсаудан арылдың ба,
Сезімге табындың ба?
Көз ілмей ойлай-ойлай, 
Сен мені сағындың ба?
Көз ілмей ойлай-ойлай, 
Сен мені сағындың ба?

Сағындың ба? 4 рет

Сағындың ба

Авторы: Мейрамбек Беспаев

Сағындың ба


https://www.youtube.com/watch?v=uj1UtgW4gxA
Мейрамбек Беспаевтың әндері