Сағыныш, аңсарым (текст)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?

Қайырмасы:
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім…

Алмасып күнмен, көгімде ай қалады,
Терезесінен көңілдің ай қарады,
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады.
Мен емес, сені қара түн аймалайды,
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды,
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=fmUC5wRcJHE