Сақтаймын сені жүрегімде (текст)

Тағдырдың салған залалы ма,
Өртеніп жаным барады ма?
Амалым қалмай бұл өмірде,
Армандап қана қаламын ба?
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Махаббат мұңы қинағанда,
Есімді қайтіп жия алам ба?
Айрылып қалсам бақытымнан,
Өмірге жалғыз сия алам ба?!
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Бақытым десең, табарсың,
Мені ұмытып қаларсың.
Бірақ бәрібір көңілімде
Өшпестей үміт боларсың.
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Жалынып жүрем тәңіріме,
Бақыт берсін деп бір өзіңе.
Асылым, жаным, махаббатым,
Сүйемін сені бұл өмірде, жүрегімде.

 

Сөзі: Қ. Мамытқалиев

Әні: Қ. Мамытқалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: