Сезім сыры (текст)

Жан жоқтығын анық сездім әлемде сендей
Елеңдеймін өзің келіп сәлемдесердей
Күдерімді үздіңбе сен махаббатымнан
Сезім оты менен өшердей

Ойлайсың ба ұмытты деп
Кір шалды деп тұнық тілек
Ойлайсың ба суытты деп сол сезім
Ойлайсың ба ұмытты деп
Күтеді әлі үміт жүрек
Жүрегіме жүрегіңмен келші өзің

Тоғыссада бекер бізге бұл өмір жолы
Шын сүйеміз екеумізде білемін мұны
Ойламашы суытты деп, оралар болсаң
Саған әлі жүрегім жылы

Ойлайсың ба ұмытты деп
Кір шалды деп тұнық тілек
Ойлайсың ба суытты деп сол сезім
Ойлайсың ба ұмытты деп
Күтеді әлі үміт жүрек
Жүрегіме жүрегіңмен келші өзің

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Ернұр Қабылдаев

Видеоға сілтеме: