Сезім (текст)

Ертегі — күннің ғажабын,
Аралап, шіркін, қанайық.
Сенделтіп сезім азабын,
Бір адам болып қалайық.
Өңім бе, әлде түсім бе?
Мейлі сен түсін, түсінбе!
Қалдым, мен, жаным, қамалып,
Тұп-тұнық көздің ішінде.
Көзіңді қада көзіме,
Сезімді қосшы сезімге.
Айналып бір сәт кетейік,
Сен — маған, ал мен — өзіңе.
Қап-қара түннің көзіндей,
Тұнжырап төнсе жанарың.
Жұлдызды аспан айналып,
Жаныңа сүңгіп барамын.
Өңім бе, әлде түсім бе?
Мейлі сен түсін, түсінбе!
Қалдым, мен, жаным, қамалып,
Тұп-тұнық көздің ішінде.
Көзіңді қада көзіме,
Сезімді қосшы сезімге.
Айналып бір сәт кетейік,
Сен — маған, ал мен — өзіңе.
Бір түнді емес, мың түнді
Қалғытсын ажар-арайың.
Тұншығып шыққан күлкіңді,
Бақытқа мәңгі балайын.
Өңім бе, әлде түсім бе?
Мейлі сен түсін, түсінбе!
Қалдым, мен, жаным, қамалып,
Тұп-тұнық көздің ішінде.
Көзіңді қада көзіме,
Сезімді қосшы сезімге.
Айналып бір сәт кетейік,
Сен — маған, ал мен — өзіңе.

 

Сөзі: А. Егеубаев

Әні: М. Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: