Әуеде ұшып жүрген ақ сары ма екен,
Баласын атып алсам қақсар ма екен.
Әніме түрлі-түрлі мен салайын,
Әніне әншілердің ұқсар ма екен!
Ахау, жалған-ай, жалған-ай,
Қол жетпеген арман-ай!
Ағажай-ағажай, жанада-жанада,
Әшекей порым, секіртпелі сем-сем,
Асылзада еркем,
Жамалыңды көрсем,
Қызығыңда жүрсем!
Жақсы болар жылқы мал күзеткенге,
Қайың құрық сынбайды түзеткенде.
Дәтің қайтып шыдайды ояу жатып,
Үй сыртынан ән салып біз өткенде.
Ахау, жалған-ай, жалған-ай,
Қол жетпеген арман-ай!
Ағажай-ағажай, жанада-жанада,
Әшекей порым, секіртпелі сем-сем,
Асылзада еркем,
Жамалыңды көрсем,
Қызығыңда жүрсем!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: