Қалқам, неткен ғажайып көркем едің,
Есімді алып еліктей еркеледің.
Ойың болса басқада — әурелеме,
Жанарыңмен жүректі өртемегін.
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!
Ынтықсам да күндіз-түн ажарыңа,
Ілінбей-ақ қойдым-ау назарыңа.
Сонда-дағы, қайтейін, көніп жүрмін,
Махаббаттың азабы-мазағына.
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!
Сөзі: Марат Нұрқалиев
Әні: Жұмағұл Қыдыралиев
Орындаушы: