Сен мені кінәлама (текст)

Сен мені іздедің деп кінәлама,
Тіршілік күнсіз өмір сүре ала ма?
Сен – менің нұрын төккен күнімсің ғой,
Күнді аңсамай адамдар тұра ала ма?
Сен мені іздедің деп кінәлама,
Қанатсыз құстар ұшып жүре ала ма?
Сен – менің қанатымсың көкке самғар,
Сүйгенін іздемей жан жүре ала ма?!
Теңеймін өзіңді әр кез ғұламаға,
Бәрі де топтасады бір арнаға.
Сүймесем, мен өзіңді іздемесем,
Іздедің деп, сүйіктім, кінәлама.
Сен мені іздедің деп кінәлама,
Қанатсыз құстар ұшып жүре ала ма?
Сен – менің қанатымсың көкке самғар,
Сүйгенін іздемей жан жүре ала ма?!

 

Сөзі: Б. Жаппасбаева

Әні: Р. Тайманов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: