Сырымды айтам (текст)

Ертелі-кеш көрсем де келбетіңді,
Есіл жүрек жай таппай тербетілді.
Емес пе едік бірге өскен бала жастан,
Емін тауып жазсаңшы, бұл дертімді.

Саған деп сақталған
Сырымды айтам, құрбыжан!

Жеңіл қарап сөзіме, баламайсың,
Жар етуге өзіңе қаламайсың.
Жан сезімін ұққандай кей мінезің,
Жайды білмес бейне бір баладайсың.

Саған деп сақталған
Сырымды айтам, құрбыжан!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: